Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үш жылдан жеті жылға дейін»: Қазақстанда қыз алып қашқандар енді айыппұл төлеп, бас бостандығынан айырылады

«Үш жылдан жеті жылға дейін»: Қазақстанда қыз алып қашқандар енді айыппұл төлеп, бас бостандығынан айырылады
Сурет: oxu.az/ru
Елімізде қалыңдық ұрлағандар айыппұл төлеп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ

Қазақстанда некеге тұруға мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төменгі палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша түзетулерді қарау барысында депутаттар Қылмыстық кодексті "Неке қиюға мәжбүрлеу" деген жаңа 125-1 баппен толықтыруды ұсынды.

"Енді мәжбүрлі неке үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Егер бұл әрекет кәмелетке толмаған адамға жасалса, адамдар тобының күш қолдануы немесе қызметтік бабын асыра пайдаланумен байланысты болса, онда бас бостандығынан айыру мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзарады.

Ал ауыр зардаптар орын алса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сонымен қатар үкіметтің ұсынысы бойынша адамды ұрлаған тұлға оны өз еркімен босатса да, оның әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаса да, қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды", - делінген мәжілістің баспасөз хабарламасында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар