Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚО-да ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді

БҚО-да ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді
Сурет: matrony.ru
БҚО-да күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің үш баласы қалды

БҚО ер адам қызғаныштан әйелін өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Теректі ауданына қарасты Шаған ауылында 28 мамыр күні орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйелі жанжал кезінде оны пышақтап тастаған. Жедел жәрдем келгенше әйелі көз жұмған. Артында үш баласы қалды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жанжал қызғаныштан туған», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Шаған ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, бұл отбасы ауылда тұрмысы жақсы, еш жерде тіркеуде болмаған. Жас жұбайлардың жасы шамамен 30-да болған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар