Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент - халықтың жеті жылға жалдаған менеджері - Тоқаев

Президент - халықтың жеті жылға жалдаған менеджері - Тоқаев
Сурет: akorda.kz
Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында Тоқаев сөй сөйледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында cөз сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін көп күш-жігер жұмсалып жатқанын айтты.

"Біздің мақсатымыз айқын – барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру. Экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс. Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев суперпрезиденттік жүйеден бас тартқанымызды еске салды.

"Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық. Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін. Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады. Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері", - деді Мемлекет басшысы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар