Мәдениет
“Миллиондап ақша жіберетін”: трансгендер-блогер Никонет өзіне министрдің ғашық болғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 238

Трансгендер өзінің бұрынғы сүйіктісі министр болғанын айтты
Белгілі трансгендер Никонет бір кездері өзіне министрдің ғашық болғанын және оның миллиондап ақша жібергенін жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бірақ министрмен қарым-қатынасы жайлы жазбасын Никонет біраздан кейін өшіріп тастады.
“Менің бұрынғы сүйіктім министр еді. Осы уақытқа дейін ол туралы еш жерде айтпадым. Ол үйленбеген. Өйткені мен отбасылы еркектермен араласпаймын. Ол алты ай бойы мен үшін барын салды. Миллиондап ақша жіберіп, гүлдер мен сыйлықтар берді. Ертегіде өмір сүріп жатқандай болдым. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді екен. Көпшілік айтпайтын шындықты жеткізгім келеді: Адамда билік көп болса, ол соғұрлым ішкі қараңғылығын жасыруға тырысады", – деп жазды ол.
Айта кетсек, блогер төрт рет ота жасатқан еді.