«Адамға өте қатігездік таныттық»: Аида Балаева Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 279

Мәдениет және ақпарат басшысы Аида Балаева тұңғыш президенттің зайыбы Сара Назарбаева туралы БАҚ-та жазылған ақпараттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Балаева журналистерге ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажет екенін айтты.
«Меніңше, біз ем алып жатқан адамға өте қатігездік таныттық. Шынымды айтсам, мен бұл істің егжей-тегжейін білмеймін, өйткені бұл адамның жеке өміріне, Тұңғыш Президенттің отбасына қатысты жағдай. Ал біз адам өлді деген ақпарат тараттық. Бұл қатігездік деп ойлаймын. Егер қайтыс болса, ресми түсініктеме міндетті түрде берілер еді. Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Алпысқызының өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды — бұл дұрыс шешім болды. Ақпаратты әрдайым сенімді дереккөздерден алу керек», — деді Айда Балаева журналистерге.
Еске салсақ, БАҚ-та Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейіннен Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды.