Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұғалімге «Ш» әрпінен басталатын сөз айтқан: НЗМ шығарылған оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды

Мұғалімге «Ш» әрпінен басталатын сөз айтқан: НЗМ шығарылған оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Оқудан шығарылған оқушы жалпы білім беретін мектепте емтихан тапсыратын болды.

НЗМ-нен оқудан шығарылған 11- сынып оқушысы жалпы білім беретін мемлекеттік мектепке ауыстырылды. Бұл туралы Алматы білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, оқушы тұрғылықты мекен-жайындағы № 8 мектеп-гимназиясына қабылданған.

«Ол 11-сыныпқа қабылданды. Бүгін соңғы емтиханын тапсырады. Емтихан тапсырып болған соң, аттестат алып, мектеппен қош айтысады», - деп хабарлады жалпы білім беретін мектеп гимназиясы.

Еске салсақ, 23 мамырда Назарбаев зияткерлік мектебінен бітіруші түлек оқудан шығарылған болатын. Оған емтихан тапсыру кезінде оның тәртіпбұзушылық жасап, мұғалімге «Ш» әрпінен келетін сөз айтқан.

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар