
Мәдениет және ақпарат министрі никабқа тыйым салуға қатысты пікір білдірді.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақорда кулуарында никабқа тыйым салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты жеке заң жоқ, дегенмен Ішкі істер министрлігі желісімен әзірленіп жатқан норма бар.
«Бұл мәселеге байланысты жеке заң жоқ. Бірақ ішкі істер министрлігі тарапынан қаралып жатқан норма никабқа тыйым салуды көздейді. Қазір Мәжілісте қаралуда, оның өзінің тәртібі бар. Менің білуімше, бірінші оқылымда талқыланып жатыр. Тіпті талқылау аяқталған болуы да мүмкін, – деді министр.
Айта кетсек, министр паранджа, никабқа қатысты шектеулер 2024 жылы енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын.