Қоғам
Атырауда 39 жастағы әйел енесін айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 1.1k

Атырауда 82 жастағы енесін келіні өлтірді
Атырауда келіні 82 жастағы енесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында орын алған. Белгілі болғандай, 82 жастағы әйел қайтыс болған. Осыған қатысты 39 жастағы келіні күдікті ретінде ұсталды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталу үстінде.