Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе?

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе?
Сурет: ҚР Жоғарғы соты
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Шерзат Полаттың өлімі бойынша өткен сот отырысына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс кулуарларында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев марқұм Шерзат Полаттың әкесі Нұрымов Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Сотталғандардың туыстары президентке үндеу жолдаған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғау үшін негіз керек.

"Мен тек күдіктілердің немесе басқа тұлғалардың туыстарының сөзіне сүйеніп пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті негіздер болуы керек. Істі қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды", – деді ол.

Бұдан бөлек ол Талдықорғанда өткен Шерзат Полаттың сотына қатысты пікір білдірді.

"Шерзат Полаттың өлімі ісі бойынша өткен сотқа келсек, үкім заңды күшіне енген жоқ. Барлық тараптың апелляция беруге әлі уақыты бар. Маған белгілісі – барлық қазақстандық процеске ашық түрде қатысуға мүмкіндік алды. Менің ойымша, сот сапалы, ашық және объективті өтті. Үкім шығару кезінде барлық айғақ пен куәгерлердің көрсетулері ескерілді. Мұндай ашық сот процестерінің мақсаты – соттың әділ өтетінін және ештеңенің жасырын еместігін көрсету", – деді Бас прокуратура өкілі.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар