Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"31 миллион теңге жымқырған": Банк қызметкері Мәскеуде ұсталды

"31 миллион теңге жымқырған": Банк қызметкері Мәскеуде ұсталды
Астана банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері болған.

Қазақстандық банктің бұрынғы қызметкері бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған үшін Ресейден Қазақстанға экстрадициялады, - деп хабарлайды Кyn.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға күдіктіні Ресейге экстрадициялады.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып қалған. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. Былтыр маусымда іздеуде жүрген адам Ресейдің Мәскеу қаласында ұсталды: Оған қоса, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар