Нұрлан Қоянбаев халықтан 1 380 теңгеден «жинап» алып, Мальдивтен арал сатып алмақ
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 маусым, 2025
- 1.8k

Продюсер Нұрлан Қоянбаев ақжа жинап алу мақсатында халыққа қалжың аралас үндеу таста, деп хабарлайды Kyn.kz.
Оның айтуынша, ол да халықтан 1 380 теңгеден «жинап» алса, арал сатып алу мүмкіндігін жеткізді
«Мальдивтен шағын бір арал 2-3 миллион долларға бағаланады екен. Егер әрқайсымыз 1000, 1280 не 1380 теңгеден жинасақ, сатып алуға болады ғой. Ешкімге білдірмей, әлемдегі ең табысты бизнесті иемденіп алу керек», – деді Нұрлан Қоянбаев.
Бұл әзіл желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, қызу талқыға түсті.
«Мен арнайы тізім жүргіземін – кім ақша берді, кім бермеді, бәрін есептеп отырамын», «Кеттік, мен 1 миллион қосамын», «1380 теңге деген баға қайдан шықты екен?», «Нұреке, сіз сол аралды алып қойып, жәймен ғана іске кірісіп жатқан сияқтысыз ғой», – деп жазды олар.