Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Сынақ ауыр болып тұр”: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіге жылаған видеосын жүктеді (ВИДЕО)

“Сынақ ауыр болып тұр”: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіге жылаған видеосын жүктеді (ВИДЕО)
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Көпшілік Мөлдір Мұқанованы жарнама үшін жылап, елді өзіне қаратып жатыр деп шүйлікті.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбаек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқан жылап, көпшілікті алаңдатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі жеке парақшасында көз жасына ерік беріп, күйзеліске түскен сәтін жариялады. 

"Сахнада - күлімдеген бейне. 
Камера сыртында көз жасына тұнған шындық. Мөлдірдің көз жасы жай кадр емес. Бұл - жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана!", – деп жазды ол.

Жылаған Мөлдірді командадағы мүшесі жұбатып, бәрі жақсы болатынын айтты. 

"Әлі жарқырайсың. Киноң да атады. Бәрі де атады. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жыламашы. Мені де жылатасың қазір. Сынақ ауыр болып тұр. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама", – деп жұбатуда командасындағылар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар