“Мен де анама ренжідім”: Наркенже Серікбаеваның қызы жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:12
- 426

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның қызы Жансая Серікбаева анасының бастығын неліктен кешіргенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жеке парақшасында жазба жариялады.
«Бірі жақтаса, бірі даттап жатыр. Енді біреулер блогерлік, журналистика деп хайп қуып, анамды мазақ етуде. Бірақ біз берілмейміз. Бұл жағдай бізге кімнің кім екенін көрсетіп берді», – дейді Жансая.
Сондай-ақ, ол да өзгелер секілді анасына ренжігенін айтты. Алайда, кейіннен түсінген.
“Мен де анама ренжідім: “Неге кешірдіңіз? Соңына дейін неге бармадыңыз?” дедім. Сонда анам: “Саяш, Алладан үлкен емеспіз. Үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалады?” – деді. Осы сөз бәрімізге сабақ болды», – деп жазды әншінің қызы.
Айта кетсек, бұған дейін Наркенже Серікбаева басшылық тарапынан қысым көргенін айтып, бейнежазба жариялаған болатын.