Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бәкіжан Кәкім: Ұстазын балағаттаған оқушы жазаланғанда Жаңа Қазақстанды сезіндім

Бәкіжан Кәкім: Ұстазын балағаттаған оқушы жазаланғанда Жаңа Қазақстанды сезіндім
Kyn.kz
Мұғалім: Бізде үнемі мұғалім байқұс жұмыстан қуылып кететін, қандай да бір жауапқа тартылатын.

Бүгінде елімізде ұстаз болуға қызығатындар мен педогог мамандығын алып алып, сол жұмысқа өмірін арнағысы келетіндер аз десек болады. Өйткені, мұғалімге қойылатын талаптарға, жауапкершіліктер мен ұстаздықтан тыс шаруаларға тарту мәселелеріне көпшілік шыдағысы келмейді екен. Тіпті ұстаздардың өздері қағазбастылық пен шектен тыс жауапкершіліктер жайлы желіде жиі айтып, жазып жатады.

 Әлеуметтік ғылымдар магистрі, әлеуметтік желідегі жұлдызды мұғалім Бәкіжан Кәкім  ұстаздар мәселесін көтеріп жүріп, танымал блогер атанды. Ол желіде әзілдей отырып ұстаздардың басындағы жағдайларды жалпы жұртқа жеткізеді. KYN.KZ  тілшісі блогер мұғалімге ұстаздық етудің қиындығы мен қызығы жайлы бірнеше сұраққа жауап алып көрген еді.

  • Ұстаздықты мамандық емес, өмірлік миссия деуге бола ма? Сіз үшін ол нені білдіреді?
  • Қай мамандықта, қай салада жүрсек те, жасап жатқан кез-келген ісіңе өмірлік миссия ретінде қараған абзал. Ал ұстаздыққа келетін болсақ, мен үшін бұл «хронический» диагноз. Мен ұстаз боп жұмыс жасап, басқа салаға ауысып кеткен көптеген жандарды білемін. Олар әлі күнге дейін әріптестеріне, айналадағы жастарға, жаңадан жұмысқа орналасқан жандарға тірек, қамқоршы ғана емес, ұстаздық етіп жүреді.Білгенін үйретіп жүреді. Бір мектепте 40-50 жыл жұмыс жасадым деп жататын әжелеріміз бар. Олар үшін ұстаздық өмірлік миссия. Әр ұстазға әртүрлі болуы мүмкін. Біреу үшін ол өмірлік миссия, ал өзіме жаңа айтып өткенімдей «хронический» диагноз.
  • Нағыз ұстазды өзгелерден ерекшелейтін не нәрсе, сіздің ойыңызша?
  •  Мектепке бас сұққан күннен бастап, жүріс-тұрысың, көз тастауың, сөз саптауың, киген киіміңе дейін үлгі аларлықтай болу керек. Оқушылар сенің мінезіңе дейін көшіріп алады. «Сіздің сыныбыңыз өзіңіз сияқты, сізден аумайды» дегенді жасы үлкен ұстаздар естіп те, көріп те жүр. Ұстаз болу үшін баланы жақсы көрудің қажеті жоқ. Мүлде мейірімсіз, әділетсіз болыңыздар деген сөз емес. Керісінше, «балаңды аясаң, аяма» дейді қазақ.Оларды шыңдау үшін, кейде мақтауың керек, кейде даттауың керек. Аяусыз сынай білуің керек. Бірақ қандай жолмен болсын, нәтижеңді өзің өз көзіңмен көруің керек.Баланың бойына білімнен бұрын, игі қасиеттерді сіңіре алуың керек. Себебі Әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берген білім, адамзаттың қас жауы» -деген болатын. Осыны естен шығармауымыз керек. Нағыз ұстаз әр баланың ішкі әлемін сезіне алады. Ол оқушыны бағаламай, түсінуге тырысады. Осындай байланыс шәкірттің сезімін оятып, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Нағыз ұстаз өз пәнін тек жақсы көріп қана қоймайды, оны қызықтыра және түсінікті етіп жеткізе біледі. Ол өзі оқытатын білімге жан-тәнімен сенеді әрі соны таратуға шабытпен кіріседі.

Бәкіжан Кәкім Назарбаев зияткерлік мектебінде емтиханға телефон алып кіріп, ұсталып, апайын балағаттаған оқушының мектептен қуылғанын қолдады. Ол осы шешімді қабылдаған мектеп әкімшілі мен басшыларына ұстаздың абыройын сақтап, құқығын қорғағаны үшін алғыс айтты.

"Бұл сондай шулайтын зат емес. Оқушы заңды бұзып емтиханға  телефонмен кірген, ұстазды балағаттаған. Мен таң қалдым. Бұған дейін бізді ұстазды қуып жіберетін. Тура бір мына әділеттелікті көріп, Жаңа Қазақстанды сезіндім. Бұл солай болуы керек. Оқушы басқа мектепке барып оқуын жалғастырады. Бірақ, ұстазға, мектепке деген құрмет болуы керек. Соған ризамын",-дейді  Бәкіжан Кәкім.

Арайы сауалнама кезінде Қазақстандағы ұстаздардың 93 % «балалардың дамуына оң әсер ету» немесе «қоғамға үлес қосу» ниетімен жұмысты таңдағанын айтқан.

Қазақстанда ұстаздыққа деген алғашқы мотивация жоғары, қоғамдық бағалау әлемдік деңгейден асады, жұмыс стресі төмен. Алайда төмен жалақы мен әкімшілік қолдаудың әлсіздігі беделге және ұстаздардың тұрақтылығына кедергі келтіруде. Бұл салада реформаларды жалғастыру қажеттігі айқын.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар