Мәдениет
«Роза Рымбаева сияқты басқаша өмірге енгім келеді»: Мақпал Жүнісова көкейіндегі арманын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 шілде, 2025
- 72

Мақпал Жүнісованың өз қатарластары секілді немере сүйіп, әже болғысы келеді.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова әріптесі Роза Рымбаева сияқты немере сүйіп, әже болғысы келетінін айтты, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ойымен журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында бөлісті. Әнші қызы Мерейдің тұрмысқа шығып, балалы болғанын көргісі келеді.
«Жақсы жігіт кездессе, ертерек кете берсейші деп айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере сүйіп, баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «Мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деп айтады. Бір жағынан біртүрлі болып қалады екенсің. Сосын, «Жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деймін», – дейді әнші.