Қоғам
ҚазҰУ-дың 14-қабатынан секіріп көз жұмған студент өлер алдында хат қалдырған
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 тамыз, 2025
- 93

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 14-қабатынан секіріп көз жұмған студентке қатысты тың ақпарат шықты.
Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 14-қабатынан секіріп, қаза болған студент қызға қатысты тың дерек айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз-өзіне қол салған 2-курс студенті хат қалдырып кеткен.
“Соңғы жазбасында мұндай қадамға баруына отбасылық жағдай себеп болғанын баяндаған”, - дейді тәртіп сақшылары.
“Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған оқиғаның толық мән-жайлары анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 2-курс студенті әкімшілік ғимараттың 14 қабатынан секіріп түсіп, өкінішке қарай оқиға болған жерде жантәсілім етті”, - дейді Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі.