Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“5 миллиард теңгеден аса шығын”: депутаттың компаниясы Тайландтан әкелінген қолғаптарды отандық өнім ретінде сатып келген

“5 миллиард теңгеден аса шығын”: депутаттың компаниясы Тайландтан әкелінген қолғаптарды отандық өнім ретінде сатып келген
Сурет: imtop.com.ua
Компания Тайландтан әкелінген қолғаптарды отандық өнім ретінде көрсетіп, мемлекетке миллиаодтаған шығын келтірді.

Қазақстанда "KazMedProm" компаниясы Тайландтан әкелінген қолғапты отандық өнім ретінде жоғары бағада мемлекетке сатқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл қолғаптар мемлекет бюджетіне 5 миллиард теңгеден аса шығын келтірген.

Жоғары аудиторлық палата материалдарына сәйкес, компания 2024 жылы отандық өндіруші мәртебесін пайдалана отырып, "СК-Фармация" арқылы 63 миллион жұп медициналық қолғапты 8,1 миллиард теңгеге сатқан. Алайда, бұл қолғаптар Таиландтан әкелінгені кедендік декларациялармен расталған.

Тексеріс кезінде “KazMedProm” ЖШС Panagloves маркалы латекс қолғаптарының 98 теңгеден сатылғаны анықталған. Ал нарықта олардың бағасы 40 теңге шамасында.

Бұл құжаттар Бас прокуратураға тапсырылды.  Одан бұрын 22 мамырда Шымкент қаласының прокуратурасы KazMedProm ЖШС қызметін өздері тексеріс жүргізген. 

Мәліметінше, KazMedProm жыл сайын шамамен 17 миллион жұп қолғап шығарады. Бұдан бөлек, тағы 50 миллион жұп қолғап Таиландтан ораусыз күйінде әкелінеді. Содан Қазақстанда жуылып, кептіріліп, дезинфекцияланып, қаптамаға салынады.

Яғни, Шымкент прокуратурасы мұны, қылмыстық құрамға жатқызбаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар