Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда ер адам итпен отбасын құрып, жыныстық қатынасқа түскен

Алматыда ер адам итпен отбасын құрып, жыныстық қатынасқа түскен
Сурет: dogsourfriendss.blogspot.com
Алматыда ер адам танысына уақытша итін беремін деп, одан айырылып қалды.

Алматыда ер адам итпен отбасын құрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы taulik.kz жазды. Ресейлік азамат Андрей Суворов итін уақытша жануардың күтімімен айналысамын деген танысына тапсырған. Алайда ер адамның әрекеті заңсыз иемдену мен зоофилия деген күдік тудырды. 

Азаматтың айтуынша, 2023 жылы ол Мәскеуден Алматыға көшетін кезде иті Аркадийді Роман есімді танысына уақытша тапсырған. Ол итті Алматыға алдын ала жеткізіп беруі тиіс болған. Алайда уақыт өте келе Роман жануарды қайтарудан бас тартқан және итке қатысты құжаттарды өз атына рәсімдеп алған.

Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желілерде Романның итпен бірге суреттері пайда болған. Ол жерде адамның жалаңаш күйде итпен бірге түскені байқалады. Роман өзін итпен «отбасы құрғанын» мәлімдеген.

Иттің иесі Алматы қалалық полиция департаментіне және жануарларды қорғаумен айналысатын ұйымдарға арыз түсірген. Бірақ күдікті сот отырыстарына қатыспаған. Қазіргі уақытта оның нақты мекенжайы белгісіз.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар