Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Эмоцияның әсерімен…”: Рүстем Жүгінісов сөздері үшін кешірім сұрады

“Эмоцияның әсерімен…”: Рүстем Жүгінісов сөздері үшін кешірім сұрады
Сурет: ашық дереккөздерден
Рүстем Жүгінісов әйелдер қауымынан кешірім сұрап, оларға кінә артпайтынын айтты.

Ақтөбедегі мешітте ер адамның бойжеткенге бір реттік неке ұсынған жағдайға қатысты пікір білдірген Рүстем Жүгінісовтің әйелдер қауымынан кешірім сұрады, хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Theards желісіндегі парақшасында жазды.

«Қайырлы күн! Соңғы күндері тарап жатқан менің жазбаларыма байланысты түсініктеме бергім келеді. Бірінші сторисымда айтқанымдай, бұл жағдайда толықтай ер азаматтың жасағаны ҚАТЕ. Бұл-айқын. Дінімізде де «бір күндік неке» деген түсінік жоқ екенін нақты тағы айтқым келеді», — дейді Рүстем.

Ол өз тарапынан қателік кеткенін айтып, ешуақытта әйел затына кінә тақпағанын жеткізді.

«Ойлана келе, сол сәттегі эмоцияның әсерімен кей сөздерімде қаттылыққа жол беріп, ойымды дұрыс жеткізе алмағанымды түсіндім. Бұл менің тарапымнан кеткен үлкен қателік екенін мойындаймын. Біз зайырлы елде тұрамыз, әр адамның өз таңдауы бар. Ешкімді белгілі бір көзқарасты ұстан деп мәжбүрлеу ойымда болған емес. Мен әр адамның шешімін сыйлаймын және құрметтеймін! Негізінде бұл мәселені қозғағанда, ең алдымен қауіпсіздік жағын ойлаған едім. Ия, мен де қыз бағып отырған әкемін. Мен де қыздарымды уайымдаймын. Кеш бата көшеде түрлі қауіп төндіретін ер азаматтар, яғни мас күйдегі адамдар, есірткі әсеріндегі немесе психикалық жағдайы тұрақсыз азаматтар кездесуі мүмкін. Мен тек сол қауіптерден қорғаштап, қарындастарымды уайымдағандықтан, эмоциямен айтып қойдым. Ия, жеткізу формасынан қателік кеткені рас. Бірақ, менің ниетім ешқашан ару жандарды кінәлау болмаған», — деп ақталды әнші.

Сондай-ақ, кез келген зорлық-зомбылық, алдау ер адамдар тарапынан туатынын айтты.

«Зорлық-зомбылық, алдау, пайдаланушылық, мұның бәріне әйел емес, ер адамдардың кінәсі бар екені толықтай РАС! Сондықтан ең алдымен, өзгеріс те, жауапкершілік те ер азаматтардан басталуы қажет. Бұл жағдай мен үшін үлкен сабақ болды. Айтылған әр пікірді қабылдап жатырмын. Қарындастарым, әпкелерім сіздерді ренжітіп алсам, шын жүректен кешірім сұраймын!», — дейді басы дауға әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар