
Африкадағы Гана елінде маймыл шешегі (Mpox) вирусы өршіп барады. Мамыр айынан бері жұқтырғандардың жалпы саны 302-ге жеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Анадолы сайтына сілтеме жасап.
Маймыл шешегі бойынша тағы 20 жаңа жағдайы тіркелген.
Гана Денсаулық сақтау қызметінің (GHS) мәлімдеуінше, өткен аптада індет басталғалы бері науқастар саны көбейе түскен. Осыған дейін бұл вирус өлімге әкелмеген болса, 28 шілдеде алғашқы өлім жағдайы тіркелді.
Мәлімдемеде вирус негізінен жұқтырған адаммен тығыз физикалық байланыс кезінде таралатыны атап көрсетілген. Билік халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Қандай да бір жағдай болса, бірден дәрігерге қаралуды ескертті.
Маймыл шешегі Ганада 19 мамырда төрт адамнан анықталған болатын. Содан бері үкімет вирус таралуының алдын алу мақсатында жоғары қауіп тобына жататын адамдарды вакцинациялау науқанын жүргізіп келеді.
Қазақстанда күзде жанармай тағы қымбаттайды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық БЖЗҚ-дан 65 имплант қоюға жетерлік қаражат алған
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қыркүйек, 2025