Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сен әдемісің» деп жазыпты»: сотта күдікті Руслан Берденовке не себепті қастандық жасағанын айтты

«Сен әдемісің» деп жазыпты»: сотта күдікті Руслан Берденовке не себепті қастандық жасағанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Руслан Берденовке қастандық жасаған күдікті сотта кінәсін мойындады.

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай шенеунікке оқ атуының себебін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жиенбайдың айтуынша, жанжалға қызғаныш себеп болған.

«Мұны халық, қоғам естісін деймін. Бұл жұмысқа байланысты емес. Барлығы қызғаныштан болды», — деді Жиенбай.

Сот барысында берген жауабында ол отбасы туралы айтып, үлкен ұлының аутизм диагнозы барын жеткізді. Сондай-ақ, әйелі Берденовпен бірге болған отырстарға қатысқан.

«Әйелімнің телефонына қарасам, Руслан Берденов суретіне лайк басып, “Сен әдемісің” деп жазыпты. Мен бұған мән берген жоқпын. Ондай сөздерді мен де өз қарындастарыма айтамын», — деді ол.

Айыпталушы, қастандық жасардан бір күн бұрын Берденовтің қабылдауына баруға дайындалған. Әйелінен киімін үтіктеп қоюды өтінген, бірақ үйге келгенде әйелі үлгермеген.

«Мен кешігіп бара жатқанмын. Сол кезде әйелім Руслан Берденов қалай киінетінін айтып бастады. Сөйтсем, ол 5 миллион тұратын костюмдер киеді екен. Бұл да қастандыққа баруыма себептердің бірі болды деп ойлаймын», — деді Жиенбай сотта.

Руслан Берденов сотқа қатыспады. Оның өкілі Жеңіс Тыныбек жәбірленушінің емделіп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар сот залында айыпталушының әйелі де қатысып отыр.

Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 21 сәуірде әкімдік ғимаратының алдында қастандық жасалды. Ол жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде ота жасалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар