
Қазақстанда бес жаңа мереке енгізілді.
Қазақстанда тағы та жаңа кәсіби мерекелер тізімі енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мерекелердің тізбесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, елімізде 74 кәсіби мереке бар. Бұл тізімге бес жаңа кәсіби мереке қосылды:
Қазақстанның қолөнершілер күні – 7 шілде;
Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек;
Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні – 20 қазан;
Қазақстанның Кәсіпкерлер күні – 29 қазан.
Сондай-ақ, Энергетиктер күні қайтадан 22 желтоқсанда атап өтілетін болды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ғалымдар кешкі асты қай уақытта ішкен дұрыс екенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қыркүйек, 2025