Прокуратура Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтау себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:33
- 124

Прокуратура Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс не себепті тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзіне қол жұмсау салдарынан қайтыс болғаны анықталған.
«Жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өзін-өзі өлтіру (суицид) салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ», – деп мәлімдеді облыстық прокуратурасы.
Айта кетсек, бұған дейін адвокат Мейірман Шекеев Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты іс тоқтағанын хабарлаған болатын. Ол алдағы уақытта істі қайта жандандыру бойынша шағым түсіретіндерін айтқан.
Еске салсақ, Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті былтыр желтоқсанда табылған. Полиция оның өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін айтқан.