
Қазақстанда пәтер бағасы тағы қымбаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарао агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда пәтер бағасы тағы қымбаттады. Бір жыл ішінде жаңадан салынған үйлер +9,6%, екінші нарықтағы пәтерлер +7,3% қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жаңа пәтерлердің орташа бағасы ел бойынша 1 шаршы метрі 528,5 мың теңге болған. Пәтер бағасы ең қымбат қалалардың көшін Алматы қаласы бастап тұр. Мұнда үйдің бір шаршы метрі — 647,7 мың теңге. Екінші орында 595,5 мың теңгемен Астана қаласы. Үшінші орында Атырау — 512,2 мың теңге.
Екінші нарықтағы пәтерлердің орташа бағасы шаршы метріне — 551,9 мың теңге. Ең қымбат қалалар: Алматы — 688,6 мың, Астана — 652 мың, Атырау — 485,5 мың теңге.
2025 жылдың шілде айында баспана ең көп қымбаттаған қалалар: Талдықорған (+5,7%), Түркістан (+5,6%) және Петропавл (+3,2%) қалалары.