Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

7 рет пышақ салған: Жезқазғанда анасы мен қызын пәтерде өлтіріп кетті

7 рет пышақ салған: Жезқазғанда анасы мен қызын пәтерде өлтіріп кетті
Сурет: wcons.net
Жезғанда анасы мен қызы пәтерден өлі табылды.

Жезқазғанда анасы мен қызын пәтерде асқан қатігездікпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.

1966 жылы туған әйел қалалық әкімдікте есепші болып істеген. Қандықол оның мойын тұсынан 7 рет пышақ салған.

Келіншектің Астанадағы халықаралық колледжде 2-курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Оның да мойынынан жарақат іздері табылған, бойжеткенді сыммен қылғындырған болуы мүмкін.

Қазір адам шошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар