«10 грамм гауһартасы бар әшекей»: Гүлзира Айдарбекова Әсел Асқарға батасын беріп, бағалы сыйлық сыйға тартты
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 тамыз, 2025
- 73

Белгілі блогер Әсел Асқар продюсер Гүлзира Айдарбековадан құнды сыйлық алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол қайрат Нұртастың анасының жарнамасына түскен. Гүлзира Айдарбековадан ұсыныс түскенде ақысыз бірден келісіпті.
“Әсел сен қазіргі таңда топовый блогерсің, сені маған жобамның продюсері мақтап жатыр, мені сәл қолдап жіберіп видеома түсіп бере ғойшы деді. Әлбетте, деп дереу келістім. Гульзира ханым өзі еңбекқор адам болғансоң менің жұмысымды құнсыздандырмай бағамды сұрады. Мен сізден ақша алмайм, сізді біз отбасымызбен сыйлаймыз дедім.
Рақметіңізді айтып, батаңызды беріп, риза болсаңыз сол да жеткілікті дедім.”, – деп жазды Әсел.
Жарнамаға түсу барысында продюсер блогерге сыйлық берген.
“Мен өз басым жұмысыма, берген сөзіме нық тұратын адаммын.Бізді солай тәрбиеледі енді не істйсің, одан жаман болып жатқан біз жоқ. Қайта жұмысымызды адалынан жасайтынымздың дәлелі.
Белгіленген Уақытынан ерте барып, Гульзира ханыммен шәй ішіп, сәл сырласып, жаңа бастамасын қолдап қайтам ба десем, түсірілім барысында маған гаухартаспен жабдықталған бұйымын берген кезде сасқалақтап қалыппын… шыны керек қатты ұялдым, алтын немесе басқада сыйлаққа дәм ететіндей адам емеспін. Бізде бәрі шын жүректен, от души болады ғой. Гүл апшемнің қолын қайтармадым. Мәселе алтын да емес, оның бағасында емес, мәселе сыйластықта, таза ниетте боп тұр ғой”, – деп жазды блогер.