Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде балаларға пицца, шұжық, тоқаш-бәліштер берілмейді
- автор kyn.kz
- 13 тамыз, 2025
- 367

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларының мәзірінен зиянды өнімдер —Шұжық (сосиски в тесте), пицца және нан-тоқаш өнімдері мен зиянды сусындар алынып тасталады. Бұл туралы білім министрі Ғани Бейсембаев үкіметтегі брифингте хабарлады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Брифингте журналист балалардың мектептегі тамақтануға жиі шағымданатынын еске салды: «Бес баланың біреуі тамақ дәмсіз, суық келеді және порциялары аз» дейді.
Министр мұндай сигналдардың шынымен де келіп жатқанын растады және енді бұл мәселе бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
«Біз өткен оқу жылында Маңғыстау облысында 400 баланың уланғанын жақсы білеміз. Енді тамақтану мен санитарлық жағдайларға бақылау Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Бұл бізге өнімдер мен тамақтың сапасына қойылатын талаптарды күшейтудің бір себебі болды», — деді Бейсембаев.
Оның айтуынша, мектеп асханаларынан нан-тоқаш өнімдері мен зиянды сусындар алынып тасталады.
«Бұл биылғы жаңалықтар. Сондай-ақ балалардың денсаулығына зиянды өнімдерді тұтыну шектеледі», — деп хабарлады министр.
Министр 1 қыркүйектен бастап мектеп медбикелері күн сайын тамақтану сапасын бақылауды бастайтынын айтты.
«Бұрын оларда мұндай жауапкершілік жоқ еді. Қазір мамандар күнделікті бақылау жүргізетін болады. Егер бұрын комиссия айына бір рет тексерсе, өткен жылдан бастап біз күнделікті мониторинг енгіздік», — деді ол.
Енді санитарлық қызметтер кез келген уақытта кенеттен тексерулер жүргізе алады.
«Тексерулерді тоқтату мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. СЭС енді ескертусіз, кез келген күні тексеруге құқылы», — деп түсіндірді білім министрі.
Қаржыландыру туралы айта отырып, министр инфляцияның әсерін атап өтті.
«Мектеп тамақтануына бөлінетін қаражат мөлшері жергілікті атқарушы органдармен анықталады. Орташа алғанда, жыл сайын сома 15–20%-ға артады. Биыл да өсім болады», — деп атап өтті министр.
Журналистің мектеп асханаларынан пицца мен сосискаларды алып тастау туралы сұрағына Бейсембаев былай деп жауап берді:
«Иә, бұл мәселе бақылауға алынатын болады. Жергілікті атқарушы органдар мен мектептер жаңа талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан барлық шаралар тек дұрыс тамақтануды қамтамасыз етуге ғана емес, оның сапасына да сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті министр.
Бұрын №8 Бесшоқы ауылындағы мектепте оқушылардың жаппай улануы болғаны белгілі болды. Дәрігерлер 460 баланы тексерді, олардың 377-сі амбулаторлық бақылауға жіберілді. Облыстық балалар инфекциялық ауруханасына 83 бала түсті. Санитарлық нормаларды бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек жұмысшыларда стафилококк анықталғаны белгілі болды.