Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды
Сурет: lenta.ru
Оралда қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр.

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мgorod.kz басылымына жазуынша, нәрестенің денесі Зачаганск ауылындағы Бірлік көшесінде орналасқан қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған.

«Орал қаласында шақалақ мәйітінің табылуына байланысты полиция қызметкерлері нәрестенің анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде», - деді полиция департаменті.

Оқиғаға байланысты қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар