Саясат
«Бұл бейбітшілік ұзаққа созылуы керек»: Зеленский мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 тамыз, 2025
- 338
Украина президенті Владимир зеленский Вашингтонға барды.
Вашингтонға барған Владимир Зеленский мәлімдеме жасады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Украина президенті Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Біз бұл соғысты тез аяқтағымыз келеді және сенімді болғымыз келеді. Бұл бейбітшілік ұзаққа созылуы керек. Бұрынғыдай, Донбасстың бір бөлігін беруге мәжбүр болған кездегідей болғанын қаламаймыз. Ал Путин оны жаңа шабуыл үшін пайдаланды.
2022 жылы украиндықтардың Киевті, Одессаны, Харьковты бермегені сияқты сол кезде Қырымды да бермеуіміз керек еді. Украина халқы өз жері, тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр. Қазір біздің сарбаздарымыз Донецк және Сумы облыстарында табысқа жетті" - деп жазды Зеленский.
Ол "Ресей өзі бастаған соғысты өзі тоқтатуы керек" екендігін айтады.
Келесі мақала
Азия чемпионатының нәтижелері жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Рустам Баялиев Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 желтоқсан, 2025
Саясат
Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




