Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Берденовке қастандық жасаған Жиембайға сот үкімі шықты

Берденовке қастандық жасаған Жиембайға сот үкімі шықты
коллаж kyn.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты.

Сот Ернар Жиембайға ҚР ҚК екі бабы: 99-бап, 1-бөлім – "Адам өлтіру"; 24-бап, 3-бөлім – "Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу" бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Ернар Жиембай жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа 30 АЕК, яғни 118 890 теңге төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, Шымкент әкімі Руслан Берденовке 21 сәуірде қалалық әкімдіктің ғимараты жанында қастандық жасалды. Оған оқ атылып, жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқ атуға Шымкент әкімдігіне қарасты серіктестіктің қызметкері күдікті деп танылған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Бастапқыда оқиғаға қызғаныш не әдепсіз қылық себеп болуы мүмкін деген болжам жасалды.

Сондай-ақ Руслан Берденовті атқан күдікті Ернар Жиенбайдың әйелі де мәлімдеме жасаған еді.

2025 жылдың 28 шілдесінде Шымкентте Берденов ісі бойынша сот процесі басталды. Алайда Берденов сотқа келмегенін хабарладық.

Белгілі болғандай, Руслан Берденовті атқан күдіктінің әкесі үндеу жасады.

Аталған іске қатысты 13 тамызда Шымкентте өткен сот отырысында куәгер қызметтен босату жайын растады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар