
Студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды.
Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы айтарлықтай артады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Стипендия қанша теңгеге өседі?
- бакалавриат – 52 372 теңге,
- магистратура – 117 098 теңге,
- докторантура – 262 500 теңге.
Бакалавриаттағы шәкіртақы 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал магистратура мен докторантурада 1,75 есе артты.
Болашақ педагогтер 84 мың теңге алады
Президенттің сөзінше, жаңа оқу жылынан бастап болашақ мұғалімдер ай сайын 84 мың теңге шәкіртақы алады. Бұл соңғы бес жылда екі есе өскен көрсеткіш.
Осындай нақты шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
2024 жылы стипендия қанша болды?
- колледж студенттері арасында жұмысшы мамандықтар шәкіртақысы – 43 574 теңге,
- орта буын мамандары – 41 896 теңге,
- бакалавриаттағы студенттер үшін – 47 135 теңге,
- педагогикалық және медициналық бағыттарда – 75 600 теңге,
- интернатура – 85 376 теңге,
- резидентура – 123 122 теңге,
- магистранттар – 107 061 теңге,
- докторанттар – 240 000 теңге.