«Ер адамды әйел артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көнуі керек»: Тамара Асар сынға қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:05
- 270

Белгілі әнші Тамара Асардың ер адамды әйел артығырақ сүюі керек дегені көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтқан.
«Мен артығырақ сүйемін. Артық сүю деген – артығырақ бас ию. Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білуі керек. Оны барлық уақытта ақ қағаздың бетіне түзу жүргізу емес. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема осыдан. Әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды. Әділетсіздікті сен шешпейсің, ол жоғарыда шешіледі», – деді Тамара Асар.
Әншінің бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланып, неше түрлі пікірлер жазылуда.
«Әділетсіздікке көне беру – әйелдің құқығын таптау», «Сонда ол ер адам үшін әйел адамның еш қадірі болмағаны ма?», «Ер азаматты сыйлаған сайын ол да бағалайды, Тамара ханым дұрыс айтады», «Бұл – өмірлік тәжірибеден алынған сөз», «Ер адам жауапкершіліктен қашпай, түзу жүруге тиіс», «Өте дұрыс», – деп жазды желі қолданушылары деп жазды олар.
Ұқсас жаңалықтар
«Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының Татарстандағы премьерасы өтеді
- авторkyn.kz
- 26 тамыз, 2025