Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен аудандық аурухананың бас дәрігері ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:14
- 199

Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорынның директоры ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 27 тамыз, сәрсенбіде өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Күдіктілер 25 тамызда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қылмыстық-құқықтық саясат жөніндегі қызметі мен Қостанай облысы прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобы жүргізген жедел іс-шаралар мен прокурорлық тексерудің нәтижесінде ұсталды.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тергеудің мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.