Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Сурет: liter.kz
144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев босатылды.

RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан босатылды. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Комитет мәліметінше, Ертаев сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген.

"Сот шешімі негізінде оған амнистия актісі қолданылды, соған байланысты ол босатылды. Қосымша хабарлаймыз, сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне жатады", – деді ҚАЖК өкілдері.

Сондай-ақ Ертаевты әрі қарай бақылау және қадағалау үшін пробация қызметі есебіне қойылғаны айтылды.

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Онымен қатар тағы 35 адам сотталды.

Кейін Ертаевқа басқа қылмыстық іс бойынша да үкім шықты. Бұл жолы ол RBK Bank, Qazaq Banki және Еуразиялық банктен несие қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Осы іс бойынша сот Ертаевтың тағы төрт сыбайласына үкім шығарды. Сотталғандар банктерге ірі көлемде қаражатты қайтаруға міндеттелді.

2021 жылдың наурызында сот Жомарт Ертаевқа алғашқы қылмыстық іс бойынша тағайындалған жазаны жеңілдетті. 11 жыл орнына оған 9 жыл жаза тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар