Бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған спортшылар елге оралды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:23
- 28

Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласынан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алған.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қыркүйекте түнгі сағат 3:00-де Алматы әуежайында әйелдер құрамасын салтанатты түрде қарсы алу шарасы өткен.
Чемпион қыздар өздерін құшақ жая қарсы алған жанкүйерлерге және қолдау білдірген бүкіл елге алғыс айтып, бұл – жаңа жеңістердің бастауы ғана екенін атап өткен.
Айта кетейік, әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, үздіктер қатарынан көрінді.