Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып жемқорлыққа қатысты қамауда болған шенеунік тағайындалды

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып жемқорлыққа қатысты қамауда болған шенеунік тағайындалды
Сурет: gov.kz
Жемқорлыққа қатысты қамауда болған шенеунік Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болды.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып бұрын Шымкент қаласының құрылыс басқармасын басқарған Әбілсейіт Рабаев тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Respublica партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы болды.

2013 жылы Рабаев Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы кезінде қаржы полициясы оны қамауға алған болатын.

Бюджеттен 131 млн теңге жымқыру дерегімен Қылмыстық кодекстің 176-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша айып тағылды. Уақытша қамауға алынған басшының ісі бір жылға созылды.

Рабаев бір жылға жуық қамауда болып, 2014 жылдың мамырында сот оны кінәсіз деп тапты.

Осыдан кейін Әбілсейіт Рабаев қызметіне қайта оралды.Ол қайтадан облыстық басқарманы басқарды, енді Түркістан әкімінің орынбасары қызметіне кіріспек.

Айта кетсек, Әбілсейт Рабаев 1981 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген.

2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Жол қозғалысын ұйымдастыру инженері" мамандығы бойынша, ал 2008 жылы Қарағанды экономикалық университетін "Экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы "Компания Ерке" ЖШС-сында оператор болып бастаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар