Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда грантта оқыған студенттерден 5 миллиард теңге өндірілген

Қазақстанда грантта оқыған студенттерден 5 миллиард теңге өндірілген
Сурет: pricom.kz
Мемлекет білім грантымен тегін білім алып, кейін жұмыс істемеген студенттерден ақшаны қайта өндіріп алды.

Қазақстанда грантта оқыған студенттерден 5 миллиард 700 миллион теңге өндірілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім грантымен тегін білім алып, түрлі себептермен мамандығы бойынша жұмыс істемеген немесе жұмыс істеуден бас тартқан жас мамандар бюджет қаржысын қайтарып жатыр.

Қаржы орталығының дерегінше, 10 жыл ішінде соттар шығынды өтеуге қатысты 6 мыңнан астам шешім шығарған. Осылайша, мемлекет алдындағы міндетін орындамаған студенттер қазына қаржысын қайтаруға міндеттелген. 2014-2025 жылдар аралығында жас мамандар 5 миллиард 300 миллион теңге көлеміндегі оқу шығындарын төлеген. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар