Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Келісімінсіз де ажыраса алады»: Қазақстанда ажырасу ережесі өзгерді

«Келісімінсіз де ажыраса алады»: Қазақстанда ажырасу ережесі өзгерді
Сурет: ncrdo.ru
Ерлі-зайыптылардың ажырасуына байланысты жаңа ереже күшіне енді.

Қазақстанда ажырасудың жаңа ережесі күшіне енді. Енді Қазақстан азаматтары жұбайы үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болса, оның келісімінсіз де ажыраса алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше бұрын некені бұзу туралы өтініш ерлі-зайыптының бірін сот хабар-ошарсыз кетті деп таныса, әрекет ету қабілеті шектеулі болса немесе кемінде үш жылға сотталған жағдайда берілетін.

Енді бұл тізім кеңейтілді: биылғы жылдың 16 қыркүйегінен бастап егер жұбайы үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болса және іздеу салу туралы сот қаулысы болса, өтінішті АХАТ органдарына беруге болады.

«Қалған рәсімдер өзгеріссіз қалады: ерлі-зайыптының өзара келісімі бойынша бірлескен өтініш беріледі. Ерлі-зайыптының бірі әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда қорғаншы құжаттарды ұсына алады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар