Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан футзал құрамасының аңыз ойыншысы Шыңғыс Есенаманов карьерасын аяқтады

Қазақстан футзал құрамасының аңыз ойыншысы Шыңғыс Есенаманов карьерасын аяқтады
Сурет: КФФ
Шыңғыс Есенаманов Қазақстан құрамасындағы карьерасын аяқтады.

Қазақстан футзал құрамасының аңыз ойыншысы Шыңғыс Есенаманов ұлттық командадағы мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ASnews.kz спорттық порталына сілтеме жасап.

Оның соңғы ойыны Еуро-2026 іріктеуіндегі Италияға қарсы матч болды.

Есенаманов Қазақстан құрамасы сапындағы дебютін 2009 жылдың 19 ақпанында Дублинде Англияға (5:2) қарсы ойында өткізген. 16 жыл ішінде ол ұлттық құрамада 118 матчқа қатысып үлгерді.

Ойыншының жетістіктерінің қатарында — Еуро-2016 жарысының қола жүлдесі, Еуро-2018 жартылай финалы, Еуро-2022 турниріндегі ойындар, сондай-ақ екі әлем чемпионаты бар: 2016 және 2021 жылғы додаларда Қазақстан жартылай финалға дейін жетті.

Клубтық деңгейде Есенаманов ұзақ жылдар бойы алматылық "Қайраттың" намысын қорғады. Қазір ол "Семей" командасының ойыншысы.

Айта кетейік, Италияға қарсы өткен (2:3) кездесу Шыңғыс Есенаманов үшін Қазақстан құрамасындағы соңғы матч болды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар