Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда ер адам ойын алаңында 9 жасар баланы соққыға жықты

Атырауда ер адам ойын алаңында 9 жасар баланы соққыға жықты
Сурет: видеодан скриншот
Атырауда ер адам себепсіз ойын алаңында жүрген баланы ұрып тастады.

Атырауда ер адам балалар алаңында ойнап жүрген 9 жасар балаға шабуыл жасап, соққыға жыққан. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға Алмагүл шағынауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам баланы ұрғаннан кейін кетіп қалған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта күдіктінің тұлғасы мен орналасқан жері анықталып жатыр.

"Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп жатыр. Оқиғаның куәгерлері сұрақ-жауапқа алынды. 9 жасар жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар