Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде төлқұжаттың жаңа түрі пайда болды

Елімізде төлқұжаттың жаңа түрі пайда болды
Сурет: polisia.kz
Барыстың суреті бар жаңа төлқұжат шықты.

Қазақстанда жаңа төлқұжат беріле бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, барыстың суреті бар жаңа HDM-элемент азаматтардың жеке деректерін сақтап, жалған төлқұжаттың алдын алады.

«Бұрын берілген төлқұжаттар мерзімі өткенше жарамды болып қала береді. Оны жаңа төлқұжатқа ауыстырудың қажеті жоқ. Жаңа элементі бар төлқұжат ескі паспорттың мерзімі өткен кезде немесе жеке азаматтың өз қалауы бойынша беріледі», - деп түсіндірген ІІМ.

Жаңа элементі бар паспортты 5 мың азамат алып үлгерген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар