Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тұман мен көктайғақ»: 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Тұман мен көктайғақ»: 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: chita.aif.ru
Еліміздің көптеген аймақтарында ауа райы күрт өзгереді.

«Қазгидромет» РМК 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қазақстанның солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, жауын-шашынсыз өтеді, температура түнде -2…-4°С, күндіз +5…+7°С. Қостанайда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, тұман мен көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +4…+6°С. Көкшетауда жауын-шашынсыз, күндіз +3…+5°С, Павлодарда да ашық, температура +6…+8°С шамасында болады.

Орталық аймақтарда – Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жаууы ықтимал, күндіз +8…+10°С. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күн жылырақ, +13…+15°С.

Шығыста – Өскемен мен Семейде жаңбыр мен найзағай күтіледі, сынап бағаны күндіз +11…+15°С аралығында.

Батыс өңірлерде – күн негізінен ашық болады. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, күн жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С. Атырау мен Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күндіз +12…+20°С аралығында. Ақтауда ауа райы ашық, түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.

Оңтүстікте ауа райы құбылмалы. Тараз, Шымкент және Түркістанда күндіз жаңбыр мен найзағай болып, жел күшейеді, ауа температурасы +22…+27°С. Қызылордада кей жерлерде жаңбыр күтіледі, күндіз +20…+22°С.

Алматы, Қонаев және Талдықорғанда жауын-шашынсыз жылы күн күтіледі, температура +25…+27°С.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар