Астана жылу беру маусымы басталды.
Астанада 28 қыркүйектен бастап қаладағы тұрғын үйлер мен қоғамдық нысандарға жылу беріле бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігі мәліметінше, қалада ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.
"Бұған дейін әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер — өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын.
Қаладағы барлық нысанды жылуға қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында жылу беру маусымы басталғанын жазған едік. Ең алдымен балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандар қамтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Үндістанда қазақстандық бапкер велоспортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026
Қоғам
Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2026




