Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда ер адам діни жолмен 15 жастағы қызын досына бермек болған

Қарағандыда ер адам діни жолмен 15 жастағы қызын досына бермек болған
Сурет: fmr-online.ru
Қарағандыда 38 жастағы ер адам 15-тегі қызға үйленбек болды.

Қарағандыда 15 жастағы қызды діни некемен 38 жастағы ер адамға тұрмысқа бергендерге қатысты шулы істің соты басталды. Сотталушы орындығында кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған күйеу жігіт отыр. Жәбірленуші қыздың туған әкесі бұрынғы әйелі мен оның қазіргі күйеуін де жауапқа тартуды талап етеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі politico.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға биылғы наурыз айында болған. 15 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі оны өгей әкесінің 38 жастағы досына шариғат заңымен әйелдікке берген. Осыдан кейін «күйеуі» қызды төрт күн бойы қамауда ұстап, бірнеше рет зорлаған.

Төрт күннен кейін қыз оның қолынан қашып шығып, туған әкесіне жеткен. Әкесі бірден полицияға арыз жазған. Күдікті Қарағандыдан қашып кетпек болған жерінде ұсталды.

Қазір қыздың анасы мен өгей әкесі бұл іске тек куәгер ретінде қатысып жатыр. Ал қыздың туған әкесі бұл жағдаймен мүлде келіспейді.

«Анасы мен өгей әкесі неге куәгер ретінде қатысып жатыр? Неліктен оларды қылмыстық жауапкершілікке тартпайды, мен түсінбеймін! Бұл – өгей әкесінің ескі досы. Ол досына менің қызымды ұсынған. Бұл – сутенерлік!» - дейді қыздың әкесі.

Сонымен, сотта 38 жастағы «күйеу жігіт» кәмелетке толмаған баланы зорлау бабы бойынша айыпталып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін қорғаншылық бөлімі сотқа анасы мен өгей әкесін ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз берген болатын. Алайда сот ол талапты қанағаттандырмады. Оған олардың екі ортақ баласының және әйелдің үшінші баласына жүкті болуы себеп.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлеуге қатысты жаңа заңнамалық нормалар қолданысқа енгізілген болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар