
Петропавлда мас ер адам автобуста 12 жастағы оқушы қызды ұрды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға №2 бағыттағы автобуста болған. Екі ер адам өздерін дөрекі ұстап, шамамен 12 жастағы қыздарға балағат сөздер айтқан.
"Олардың сырт келбетіне байланысты ер адамдар орынсыз ескерту жасап, тиісіп бастаған. Балаларды қорғап сөйлемек болған бір жолаушы қызға да тиісіп, жанжал күшейе түскен. Автобустан түсер кезде ер адамның бірі қыздың бетінен ұрып жіберген. Қыз қорқып, жылап жіберген. Ал кондуктор ешқандай шара қолданбаған", – делінген видео сипаттамасында.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты дереу шара қабылдағанын мәлімдеді.
"Күдікті тез арада анықталып, ұсталды және полицияға жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Балаларға қарсы мұндай әрекеттер - заңды өрескел бұзу және ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Жағдай полицияның бақылауында", – делінген ресми хабарламада.