Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте және тағы екі облыста жер сілкінісі болды

Шымкентте және тағы екі облыста жер сілкінісі болды
Сурет: stopcor.org
Қазақстанның үш өңірінде 4 баллдық жер сілкінісі болды.

6 қазанға қараған түні Шымкентте және Түркістан облысы мен Жамбыл облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Cейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 6 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентр 465 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13.3, Магнитудасы — 5.9.

Жер сілкінісінің сезілу күші:

  • Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы — 4 б.
  • Жамбыл облысы Тараз қаласы — 4 б.
  • Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы — 4 б.
  • Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы — 4 б.
  • Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы — 4 б.
  • Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы — 3 б.
  • Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы — 3 б.
  • Түркістан облысы, Манкент ауылы — 3 б.
  • Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы — 3 б.
  • Т. Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы — 3 б.
  • Шымкент қ. — 3 б.
  • Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы — 3 б.
  • Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы — 3 б.
  • Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы — 3 б.
  • Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) — 3 б.
  • Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы — 2 б.
  • Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы — 2 б.
  • Түркістан облысы Арыс қаласы — 2 б.
  • Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы — 2 б.
  • Жамбыл облысы Шу қаласы — 2 б.
  • Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы — 2 б.
  • Жамбыл облысы Шу ауданы Төле Би — 2 б.
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы — 2 б.
  • Жамбыл облысы, Мойынқұм ауд., Мойынқұм ауылы — 2 б.
  • Түркістан облысы Кентау қаласы — 2 б.
  • Түркістан облысы Түркістан қаласы — 2 б.
  • Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы — 2 б.
  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті — 2 б.
  • Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы — 2 б.
  • Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ.— 2 б.
  • Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы — 2 б.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар