Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаңбыр мен қар»: «ҚазАвтоЖол» үш өңірдің көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

«Жаңбыр мен қар»: «ҚазАвтоЖол» үш өңірдің көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
Сурет: autonews.ru
Бүгін еліміздің үш өңірінде ауа райы қолайсыздық тудыруы мүмкін.

6 қазан күні еліміздің үш өңірінде қолайсыз ауа райы туындайды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы көлік жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәліметке сәйкес, Абай, Ақмола және Павлодар облыстарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

«Жүргізушілерден жылдамдықты шектен асырмауды, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз», – делінген компания хабарламасында.

Компания жолдағы жағдай туралы тәулік бойы 1403 бірыңғай call-орталығы арқылы ақпарат алуға болатынын еске салды.

Қазір өңірлердегі жол қызметтері республикалық маңызы бар трассаларды қысқы күтіп ұстау жұмыстарына кірісіп кетті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар