Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде педофилдерге түрмеден шығуына 12 ай қалғанда химиялық кастрация жасалады

Елімізде педофилдерге түрмеден шығуына 12 ай қалғанда химиялық кастрация жасалады
Сурет: kzvesti.kz
Енді педофилдерге түрмеден шығуына жарты жыл қалғанда катрсация жасалынады.

Қазақстанда медициналық сипатта мәжбүрлеу шараларын қолдану ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 18 жастан асқан адамдарға қатысты химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қолданылады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы бас бостандығынан айыру орындарында немесе өзге жаза түріне кесілген адамдарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда орындалады.

«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру жазасына кесілген адамдарға химиялық кастрация бостандыққа шығарылуына алты ай қалғанда қолданылады», – делінген құжат мәтінінде.

Осыған байланысты түзеу мекемесінің әкімшілігі жазасын өтеу мерзімі аяқталуына кемінде 12 ай қалғанда сотқа материалдар жолдап, сот-психиатриялық сараптама тағайындау және сотталушыда психикалық ауытқулар мен жыныстық зорлыққа бейімділік бар-жоғын анықтау мәселесін қарауға бастама жасайды.

Бұл тармақтың ережелері сот шешімімен есі дұрыс екенін жоққа шығармайтын психикалық ауытқуы бар сотталғандарға қатысты қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына таралмайды.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар