Түркістан облысында 24 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігітті зорлады: үш бауыр 9 жылға сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қазан, 2025
- 368
Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігіттің зорлануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға туралы 2025 жылғы наурызда "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқандары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.
Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің кәмелетке толған үш туысқаны ғана отырды.
Сот отырысы жабық режимде өтті. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары), үшіншісі топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармағы; ҚК-нің 188-бабы) айыпталды. Сот шешімімен барлығы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталғандар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде өтемақыны бірлесіп төлеуге міндеттелді.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленушінің анасы үкімге қанағаттанбады. Апелляция беріп, жазаны күшейту мәселесі анасының шешіміне байланысты болады.
Қазір жәбірленушінің отбасы ауыл тұрғындарының қысымына ұшырап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




