Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қар жауып, тұман түседі: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қар жауып, тұман түседі: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: irk.aif.ru
Алдағы күндері күн күрт суытып, қар жауады.

Қазгидромет 14, 15, 16 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері еліміздің батыс бөлігінде жаңбыр, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауады. Жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

"Еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендейді, ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз негізінен 0-10 градус жылы, батыста 7-17 градус жылы, ал оңтүстікте 15-25 градус жылы болады", - деді синоптиктер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар